Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан сайлауға түскен Жамбыл Ахметбеков президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ахметбеков таңғы сағат сегізде №66 орта мектепте орналасқан сайлау учаскесіне келді. Осылайша ол мемлекет басшысы лауазымына таласқан кандидаттардың ішінде дауыс берген алғашқы үміткер болды.
Ахметбеков кезектен тыс президент сайлауында өз таңдауын жасауға отбасымен бірге келді. Кандидаттың қасында әйелі мен анасы болған.
"Бүгін баршамыз үшін ерекше күн. Сол себепті мен бұл жерге отбасымды ерте келдім. Анам да жанымда. Ол кісі өмірінде бірде бір сайлаудан қалып көрген емес", — деді Ахметбеков журналистерге.