"Канело" - Головкин арасындағы екінші жекпе-жек бәрібір өтеді - бокс шолушысы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Канело" - Головкин арасындағы екінші жекпе-жек бәрібір өтеді - бокс шолушысы

"Канело" - Головкин арасындағы екінші жекпе-жек бәрібір өтеді - бокс шолушысы

Екінші кездесу 5-мамырға жоспарланған.

  • 6 Наурыз 2018
  • 654
Фото - Caravan.kz

Наурыздың 5-нен 6-на қараған түні бокс әлемінде мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қатысыты шыққан сұмдық жаңалық үлкен дау туғызды. Ол Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өтетін кездесудің алдында допинг-сынақтан өте алмаған, — деп хабарлады Vesti.kz.

Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылғаны мәлім  болды. Бұл препарат адамға бұлшықет көлемін өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс жағдайда бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған. Golden Boy промоутерлік компаниясы таратқан ақпарат  бойынша, "Канелоның" ағзасына бұл препарат зақымдалған ет арқылы енген болуы ықтимал екені айтылады. Ал Альварестің өзі болса кінәлі емес екенін дәлелдеу үшін кез-келген тесттен өтуге әзір екенін айтты. Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес болса мексикалық боксшы бұған дейін оншақты рет допинг-сынақтан өтіп, бірде бір рет қанынан тыйым салынған дәрумен табылмағанын жеткізді. Ресми! Сауль Альварес допингпен ұсталды

Бұл мәліметті антидопингтік орталықтың директоры Дэниэль Эйчнерде растады. Бұл препарат туралы мына жерден оқи аласыз.

Сонымен қатар, боксшының қан құрамына жасалған екі допинг сынамасынан кленбутерол шыққан. Мексикалық боксшы өз қаражатына олардың ашылуын талап ете алады.

Бұл Альварестің мансабындағы бірінші жағдай. Алайда мамырда Головкинмен өтетін жекпе-жекке әсерін бермеуі де мүмкін. Бұрындары боксшылардың қан құрамынан кленбутерол шыққан күннің өзінде-ақ антидопингтік агенттіктен жекпе-жекке шығуға рұқсат алған жағдайлар кездескен.Соның екеуінде мексикалық боксшыларға қатысты болған.

2012 жылы Нью-Йоркте Дэнни Гарсиямен жекпе-жек өткізуі керек болған Эрик Моралестің қан құрамынан осы препарат табылған кезде, ол барлығына бұзылған етті себеп қылған. Соңында антидопингтік агенттік рұқсат етіп, кездесуде Гарсия Моралесті төртінші раундта нокаутқа түсірген еді.

2016 жылы кленбутерол іздері Франсиско Варгастан да шыққан. Ол өз отандасы Орландо Салидомен жекпе-жекке дайындалып жүрген. Ол да бқзылған етті себеп қылған. Соңында жекпе-жек ұйымдастырылып, тең аяқталған еді.

Сонымен қатар, ESPN телеарнасының маманы және АҚШ-та ең танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль "Канелоның" допинг сынағанынан өте алмағаны Головкинмен 5 мамырда өтетін жекпе-жекке еш әсерін бермейтінін айтады. Оның айтуынша, конға қомақты қаражат қойылған, сол себепті жекпе-жек белгіленген уақытта қойылады.

Осы жағдайға қатысты Атлетикалық комиссия осы дерекке қатысты тергеуді бастап кетті. Головкиннің командасы мен WBC президенті Маурисио Сулейман пікір білдірген еді.



Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5-мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobileв спорт кешенінде өтеді. Бұл боксшылардың жекпе-жегі кейінге қалған туралы ресми мәлімет шыққан жоқ. Олардың бірінші кездесуі де Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді.

Головкин мен "Канелоның" допинг-сынақтары VADA (Допингке ерікті түрде тексерілу ассоциациясы) тексеріп отырады. Боксшылар бұл сынақтан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) "Таза бокс" бағдарламасы аясында тапсырып отырады.

 

 

Оқи отырыңыз: 

Альварестің бапкері Головкинді жеңу жолын айтты 
Альварес Головкинді нокаутқа жіберемін деп отыр 
Бапкер Головкин-Альварес реваншында неліктен "Канелоның" жеңетінін айтып берді