«Канело» жанкүйерлерін тағы алдайтын болса жеңіледі - Абель Санчес - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Канело» жанкүйерлерін тағы алдайтын болса жеңіледі - Абель Санчес

«Канело» жанкүйерлерін тағы алдайтын болса жеңіледі - Абель Санчес

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес пен боксшының қарсыласы Сауль «Канело» Альварес 15 қыркүйекте өтетін қарымта кездесудің алдындағы телеконференцияда сөзге келіспей қалды.

  • 4 Шiлде 2018
  • 36
Фото - Caravan.kz

«Канело» алғашқы жекпе-жектің алдында да дәл осылай сөйлеген, алайда кездесу жүгіру жарысына айналып кетті. 15 қыркүйек күні Оскар таңғы ас кезінде «Канелоға» айқаста ер-жігітке тән ойын көрсетсін деп ескертуі керек деп ойлаймын», — деді Санчес.

«Ол Головкинді нокаутқа түсірмек болса, оның жұдырықтасуы керек. «Канело» алдыңғы жекпе-жекте Геннадийдің нокаутынан қашып жүріп аман қалды. Алайда ол Головкинді нокаутқа түсірем деген оймен жанкүйерлерді тағы да алдайтын болса, жеңіліс табатыны сөзсіз. Мен мұны бұрын да айтқанмын, айте беремін де», — деді Головкиннің бапкері.

«Канело» маманның шешімімен келіспей, өзінің лайықты айқас көрсеткенін айтады.


«Мен өз жекпе-жегімді өткіздім және алдыма қойған мақсатты орындадым. Кездесу жоғары деңгейде өтті. Алайда 15 қыркүйек күні жеңіске жету үшін әдеттегі тәсілдеріме өзгеріс енгіземін. Бұл адам артық сөйлегенді ұнатады. Тек сылтау айтуды біледі. Алайда 15 қыркүйек күні Сауль «Канело» Альварестің кім екенін және қолынан не келетінін көресіздер», — деп жауап қайтарды мексикалық боксшы.