Мессенджер қолданушылары "Канело" екінші рет допингпен ұсталды деген хабарламалар таратып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл арандатушылыққа еш қатысымыз жоқ, бұл расталмаған мәлімет. Біреу Интернетке "Канелоның" допингпен ұсталғаны жайлы жазып жіберген. Біз ол туралы естіген жоқпыз", — деді Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненко.
"Қазақстан" "РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин де бұл хабарламаға қатысты пікірін білдірді. "Генаның жеңілісіне өкінгені де бар, тіпті қайғырғаны да бар. Бірақ, елдің көңілімен былай ойнап, әзілдеу енді тіпті артық. Кешелі бері көптеген азаматтар мына жалған ақпаратқа сеніп, жекеге жазып сұрап жатыр :) Ешқандай да қайта жекпе-жек жуырда болмайды. Кез келген жекпе-жек бірнеше ай бұрын дайындалады, ондай болатын болса міндетті түрде арнайы xабарлаймыз", — деп жазды Қарин Facebook желісіндегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен 16 қыркүйекте өткен реваншта жеңіліп қалды. Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114.
Бұл екі боксшының арасындағы алғашқы жекпе-жек осыдан бір жыл бұрын өткен еді. Ол кезде кездесу тең аяқталды. Реванш биыл 5 мамырда өтуі тиіс болған, алайда мексикалық боксшы допинг тесттен өте алмай, тыйым салынған заттар қанынан табылып, ол алты айға бокстан шеттетілді.
Соңғы жаңалықтар
"Өзіңіз ғана шешім шығармай, халықтың пікірімен санасыңыз": Дәулет Мұқаев оқу-ағарту министріне қарсы шықты
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Су тасқыны": 12 мың отбасы мемлекеттік қолдауға ие болған
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Мәхірді қою керек, тауық ми қыздар аспандағы айды сұрайды": Танымал журналист мәхірге қарсы шықты
Жаңалықтар
26 Сәуiр
«Нанның бәрі қоқыста жатады»: Депутат нан бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Семсерлесуден Қазақстан командасы лицензиялық турнирге аттанды
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Соңғы үлгідегі Lexus. ВИП номерінің өзі 5000 доллар": Тараз қаласындағы мешіт имамы қызу талқыға түсті
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Қазақстанда көлікті заңсыз тіркеумен айналысқан топ сотталды: басшы, делдал және полицейлер
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Түн шайтанның қозатын шағы": Этнограф түнде қыз ұзатуға болмайтынын айтты
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Биыл соңғы қоңырау болмайды
Жаңалықтар
26 Сәуiр
250 нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны Kaspi.kz қосымшасында тапсыруға болады
Жаңалықтар
26 Сәуiр