Жарияланды: 50

"Карантин деп 3 мегаполиста үш емхана салу - ақымақтық": Аятжан Ахметжанұлы биліктің жобасына наразылық танытты

"Карантин деп 3 мегаполиста үш емхана салу - ақымақтық": Аятжан Ахметжанұлы биліктің жобасына наразылық танытты Сурет - webpress.kz

Өткір ойларын ашық айтумен танылған «QAZBILIM» орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлы қазіргідей төтенше жағдайда 3 емхана салуды ақымақтық деп санайды.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды деп хабарлайды Caravan.kz  медиа-порталы.

Экономист немесе саясаткер еместігін айтып, азаматтық пікірген білдірген оның пайымдауынша, әлгі емханаларды дер кезінде салып бітіре қоятындай Қазақстаннның әл-әуқаты жоқ көрінеді.

"Дәл қазіргі жағдайда карантин деп 3 мегаполисте 3 емхана салу – ең үлкен ақымақтық. Неге?

1. Дәл біз сол COVID-19 үшін арнаулы емхана салатындай жан санымыз үлкен ел емеспіз. Бір қаласы бес миллион болатын ел болсақ бір сәрі.
2. Лезде бітіре қоятындай еңбек күш те, техникалық әлеует те жоқ.
3. Құдай сақтасын, ауру мүлде сыймай жатса, дәл қазір үш мегаполистағы бүкіл 5, 4, 3 жұлдызды қонақ үйлер бос тұр. Соларды уақытша карантиндік емханаға айналдыра салуға болады!
4. Оны салған экономикаға қазіргі бар ауруханаға техникалық аппараттар сатып алу 100 есе өнімді болар еді.

Өз ойым. Экономист та, саясаткер де емеспін, бірақ, азаматтық пікірім, деп жазды ол, Facebook парақшасында.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін