Карантин кедергі емес: төтенше жағдай кезінде той жасаушылар саны күн санап артып тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Карантин кедергі емес: төтенше жағдай кезінде той жасаушылар саны күн санап артып тұр

Карантин кедергі емес: төтенше жағдай кезінде той жасаушылар саны күн санап артып тұр

Әлеуметтік желілерде Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында ұйымдастырылған тойдың видеосы тарады.

  • 31 Наурыз 2020
  • 126
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елдегі төтенше жағдай кезінде Ақтау қаласының 3-ші аудандағы №15 үйдің ауласында өткен мерекені куәгерлер видеоға түсірген. Болжам бойынша, видеоның авторлары роликке "Коронавирус, кет-кет-кет" әнін өздері қосқан.

Аталған жағдайға қатысты облыстық полицияның баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, оқиға 28 наурызда болған, сол күні мерекені ұйымдастырушының жеке басы анықталған.

"Оны Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 476-бабында көзделген жауапкершілікке тартты", — деді Маңғыстау облысының әкімдігінде.

Ведомство азаматтарға төтенше жағдайды сақтауға, өз қауіпсіздігі үшін жаппай жиандарды ұйымдастырмауға кеңес берді.


"30 наурыздан бастап шектеу аса маңызды сипатқа ие, сондықтан оларды бұзу заңнамаға сәйкес қатаң түрде жазаланады", — деді облыс полицейлері.

Бұған дейін, Қызылорда тұрғыны төтенше жағдай кезінде қызын ұзатқан.

Соңғы жаңалықтар