Карантин мерзімі тағы да ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Карантин мерзімі тағы да ұзартылды

Карантин мерзімі тағы да ұзартылды

Атырау қаласында карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды.

  • 24 Мамыр 2020
  • 600
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 10 мамырдағы қаулысына толықтырулар енгізілді.

"Атырау қаласы аумағында спорадиялық жағдайларды тіркеуді және соңғы жеті күнде Атырау облысының тұрғындары арасында COVID-19-дың өсу деңгейін ескере отырып, қаулы етемін:

  1. Атырау облысы аймағында шектеу шаралары және Атырау қаласы, Жылыой ауданы және Мақат аулындағы карантин режимін 2020 жылдың 8 маусымы сағат 07:00-ге дейін ұзартылсын. 2020 жылдың 25 мамыры сағат 07:00-ден бастап 8 маусым сағат 07:00-ге дейін Атырау қаласындағы карантин аймағын Атырау облысы жедел штабы белгілеген блокбекеттерден өту ережесін қамтитын аймақтан бөлек жерлерден өтуге тыйым салынады. 
  2. Жергілікті тұрғындар тұрғылықты жерінен 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, маска тағып шығуына ғана рұқсат берілсін".

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8 мыңнан асты. Оның ішінде Атырау облысында COVID-19 жұқтырған 901 адамның 224-і аурудан айығып шыққан.