Карантин: Нұр-Сұлтан қаласы Минскіден бет алған ұшақты қабылдамай қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Карантин: Нұр-Сұлтан қаласы Минскіден бет алған ұшақты қабылдамай қойды

Карантин: Нұр-Сұлтан қаласы Минскіден бет алған ұшақты қабылдамай қойды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, ұшақты Қарағандыға қондыру туралы тапсырманы үкімет берген

  • 18 Наурыз 2020
  • 194
Фото - Caravan.kz

 Минсктен Нұр-Сұлтанға ұшып келе жатқан ұшақ Қарағанды әуежайына қонды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі растады, деп хабарлады Caravan.kz. медиа-порталы.

"Бүгін Минсктен ұшып келген ұшақ таңғы төртте Қарағандыға қонды. Үкімет осындай тапсырма берді, біз оны орындадық. Бортта 67 адам болған, олар карантинге алынды", — деп мәлімдеді министрліктен.

19 наурыздан бастап Қазақстан астанасы мен Алматы қаласы карантинге жабылады.


18 наурыздағы дерек бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 35 адамды құрады. Оның он сегізі – Нұр-Сұлтанда, он жетісі – Алматы қаласында.

16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды, режим отыз күнге созылады.

Беларусьте қазіргі уақытта 51 адам коронавирус жұқтырған.

l

Соңғы жаңалықтар