Жарияланды: 420

Кәрім Мәсімов Оманның Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрімен кездесті

Премьер-министр Кәрім Мәсімов бүгін Астанада Оманның Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Юсуф бен Алауи бен Абдалла бен Ибрахиммен кездесті.

«Оманның Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Юсуф бен Алауи бен Абдалла бен Ибрахиммен кездесу өткіздім»,- деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-дегі өз блогына. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы жұмысын бастады. Сессия 29-30 маусым күндері де жалғасады. Сессия аясында Астана декларациясын және 100-ден астам қарар қабылдау жоспарлануда. Толығырақ http://pm.kz сайтынан, сондай-ақ www.facebook.com:80/KMassimov, http://vkontakte.ru/kmassimov блогтарынан оқи аласыздар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін