Кәрім Мәсімов қазақ тілді аудитория алдында ұпай жинауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов қазақ тілді аудитория алдында ұпай жинауға кірісті

Кәрім Мәсімов қазақ тілді аудитория алдында ұпай жинауға кірісті

 

  • 15 Тамыз 2016
  • 753
Фото - Caravan.kz

Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйген қайтару туралы мәлімдемесі және оны Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевке жеткізуі саяси ойын болуы мүмкін, деді саясаттанушы Досым Сәтпаев Caravan.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Өйткені, соңғы кездері Кәрім Мәсімов ақпарат алаңында өзінің жұмысын қайта жандандыруда және ол көптен тынышып қалған Мәсімовтың кейінгі әрекеттерінен бірден байқалады. Ал оған себеп еліміздегі соңғы кездегі саяси оқиғалар көрінеді.

«Кәрім Мәсімов қазақ тілді аудиторияның мүддесі үшін әрекет етуді бастады. Өйткені, қазақ тілді қоғамның премьерге деген көзқарасының нашар екені белгілі. Оның көптеген себептері бар. Сол себепті Кенесары хан мен Кейкі батырдың басы туралы мәлімдемесі қазақ тілді аудиторияға жағынудың белгісі және оларды өз жағына тартудың амалы»,- деді Досым Сәтпаев.

Белгілі саясаттанушы қазақтың соңғы ханы мен ұлы батырдың басына қатысты мәлімдемені, билік пен халық арасындағы саяси ойынға балады. Өйткені, билік халық алдындағы беделін жоғалта бастады.Ал бұл ұпай жинаудың амалы көрінеді.

«Жер дауы, түрлі шерулер, наразы топтардың қарсылығының күшейуі. Мұның барлығы биліктің халыққа деген бақылауын жоғалтқанын көрсетеді. Сондықтан Мәсімов әр түрлі сигменттерде өзінің жұмысын жандандыруға мәжбүр болды»,- дейді Д. Сәтпаев.


«Мәсімовтың бұл мәлімдемесі өте қауіпті, егер ол орындалмаса. Өйткені премьер жаңа сынға ұшырайды. Ал егер шынымен қайтарылса, онды ол Мәсімовтың аздаған жеңісі болады. Дегенмен ол саяси ойын. Ал мәлімдеме нәтижесі келіссөздер нәтижесіне байланысты»,- деп пайымдайды саясаттанушы.

Соңғы мәліметтер бойынша, Кунсткамера басшылғы Кейкі батырдың бас сүйегін қайтаруға әзір екенін мәлімдеген. Енді оған тек Ресей президентінің жарлығы ғана керек.

Ал қазақтың соңғы ханы Кенесарының бас сүйегі Кунсткамера қорында жоқ көрінеді.

 

Соңғы жаңалықтар