Кәрім Мәсімов: Қазақстан өзінің геосаяси орналасуын тиімді пайдалануы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов: Қазақстан өзінің геосаяси орналасуын тиімді пайдалануы тиіс

Кәрім Мәсімов: Қазақстан өзінің геосаяси орналасуын тиімді пайдалануы тиіс

Қазақстан өзінің геосаяси орналасуын тиімді пайдалануы тиіс, деп есептейді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов.

  • 23 Мамыр 2014
  • 356
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Қазақстанның стратегиялық әріптесі — Ресей алдағы 10 жылдықта ықпалдастық мәселесінде Батыстан гөрі Қытайға үлкен мән беретін болады.

«Қазақстан географиялық тұрғыда Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан. Сондықтан біз Қытайдан Ресейге, Ресейден Қытайға бағыт алған қалың көліктік ағынның астында қаламыз. Біз өзіміздің орналасуымызды тиімді пайдалануымыз қажет. Біз геосаяси орналасуымызды капиталдандырып, тұрақты экономикаға ие болу үшін барлық елдерден инвестициялар тартуымыз керек», — деді ол бүгін VII Астана экономикалық форумында.

Ол сонымен қатар жақын күндері Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартқа қол қойылатынын және ол үдеріске Қазақстан да қатысып жатқандығын атап өтті.


«Бірақ оның ішінде Қазақстан саяси тұрғыда тәуелсіз болады. Биыл біз ДСҰ-ға енуге, Еуропалық одақпен әріптестік туралы келісімге қол қоюға, Қытаймен арадағы байланысты әрі қарай тереңдетуге, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың бір мүшесі атануға құлықтымыз», — деп түйді сөзін К.Мәсімов.