Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жаңа төрағасын ұжымға таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жаңа төрағасын ұжымға таныстырды

Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жаңа төрағасын ұжымға таныстырды

Астана. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет абсшысы Кәрім Мәсімов бүгін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жаңа төрағасы Нұрлан Алдабергеновты ұжымға таныстырды, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Желтоқсан 2007
  • 453
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Кәрім Мәсімов өз сөзінде Н.Алдабергеновтың кәсіби тәжірибесіне тоқталып, оған бірінші тапсырма берді.

«Мен 2008 жылдың бірінші тоқсанында баға қымбаттамайды деп ресми түрле уәде бердім. Біз бұл жайтты жіті қадағалайтын боламыз, өйткені, бұл әрі экономикалық, әрі әлеуметтік құрал. Бұл мәселені ұдайы бақылауда ұстаған абзал», — деді үкімет басшысы.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жаңа төрағасы «бұл тапсырма орындалады» деп сендірді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Нұрлан Алдабергенов 1962 жылы 19 қараша Алматы қаласында дүниеге келген.

Алма-Ата сәулет-құрылыс институтын, В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік — құрылыс институтын (Мәскеу 1988, аспирантура); Д.Қонаев атындағы универститетін (Алматы, 2005) бітірген; инженер-құрылысшы, заңгер, экономика ғылымының кандидаты.

1996 жылдан — Алматы қаласындағы Табиғи монополияға қарсы және баға саясаты комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдан Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Алматы қалалық департаментінің директоры, 2004 жылдан Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, 2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті