Кәрім Мәсімов тағы бір қызметке тағайындалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов тағы бір  қызметке тағайындалуы мүмкін

Кәрім Мәсімов тағы бір қызметке тағайындалуы мүмкін

Бұл туралы caravan.kz медиа-порталы Baq.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.

2020 жылдың 29 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР қазақ күресі федерациясы, Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы және Дүниежүзі?

  • 26 Ақпан 2020
  • 80
Фото - Caravan.kz

2020 жылдың 29 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР қазақ күресі федерациясы, Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы және Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының біріккен конгресі өтеді. Конгресс аясында қазақ күресінің ауқымды мәселелері талқыланып, Qazaq kuresi қауымдастығы құрылады. Қауымдастық басшысы болып Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов тағайындалады деп күтілуде, — делінген ҚР қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Айта кетейік, қазақ күресінен екі халықаралық ұйым бар. Оның біреуі — Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы деп аталады. Оның президенті — ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев. Екіншісі — ҚР президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев басқаратын Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы. Енді осы екі ұйым өзара бірігуді көздеп отыр.

Айтпақшы, Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімов кезінде Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының құрметті президенті болған.


Айта кетейік, Кәрім Мәсімов — ҚР триатлон федерациясы мен жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті.

Соңғы жаңалықтар