Карина Абдуллина өз ұлының әкесінің опасыздығы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Карина Абдуллина өз ұлының әкесінің опасыздығы туралы айтты

Карина Абдуллина өз ұлының әкесінің опасыздығы туралы айтты

Белгілі әнші, актриса, ақын әрі сазгер Карина Абдуллина ұлы Альберттің 2 жасқа толғанын атап өтті. Бірақ туған күн өте қарапайым болып тойланған. Өйткені Абдуллина досы әрі әріптесі Болат Сыздықовтан айырылғалы бері әлі ес жия алмай жүр екен. 

  • 22 Мамыр 2017
  • 5079
Фото - Caravan.kz


Ал ұлына не тілейтінін әнші "Время" газетіне айтып берген. 

— Ұлымның тәрбиелі адам, отбасына, балалары мен достарына жауапкершілікпен қарайтын нағыз еркек болып өскенін қалаймын. Біреулер бұл тілектің түк ерекшелігі жоқ қой дейтін шығар. Бірақ бұны босқа айтқан жоқпын. Мен ұлымның әкесі — Артем Арутюнянның еркекке лайық емес әрекетінен, опасыздығынан аузым күйген адаммын ғой. Ол өз баласынан екі айлық кезінде ресми түрде бас тартты. Оның бұл әрекетіне тағы бір еркек сияғы жоқ адам — туған бауыры Самвел қолдау көрсетті. Сондықтан әлгіндей қасиеттер өте маңызды деп есептеймін. Олар өмірде сирек кездеседі, — дейді Карина Абдуллина.    

Соңғы жаңалықтар