Жарияланды: 400

KASE биржасының дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 0,04 теңгеге төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы жұмамен салыстырғанда 0,04 теңгеге төмендеп, 1 $ үшін 145,84 теңгені құрады. Бұл туралы “Интерфакс-Қазақстан” агенттігіне KASE мамандары хабарлады.

Жұмада орташа бағам 1 доллар үшін 145,8 теңге болатын. KASE мәліметтеріне сәйкес, дүйсенбідегі сауда-саттық көлемі 29,25 млн долларды құрады, жұмада бұл көрсеткіш 163,3 млн доллар болатын. Сауда-саттыққа 24 банк қатысты. 4-шілдеге арналған ресми бағам 1 доллар үшін 145,8 теңге. Ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сәйкес, 5-шілде күні теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1$ үшін 145,84 теңге.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін