Жарияланды: 320

KASE биржасының дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы

Қазақстан қор биржасының (KASE) дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы жұмамен салыстырғанда 0,12 теңгеге төмендеді. Бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар құны 150 теңге 68 тиынды құрады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE мамандары хабарлады.

Жұмадағы бағам: 150 теңге 568 тиын. KASE мәліметтеріне сүйенсек, дүйсенбідегі сауда-саттық көлемі 106,1 млн долларды құрады. Жұмадағы сауда-саттық 56,1 млн долларды құраған болатын. Сауда-саттыққа 20 банк қатысты. Ресми бағамды белгілеу тәртібіне сәйкес, 30-қазанда теңгенің долларға шаққандағы бағамы: 1$ үшін 150 теңге 68 тиын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін