KASE биржасының дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы
Қазақстан қор биржасының (KASE) дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы жұмамен салыстырғанда 0,07 теңгеге төмендеді. Бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар құны 150 теңге 86 тиынды құрады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE мамандары хабарлады. |
Жұмадағы: 150 теңге 79 тиын.
KASE мәліметтеріне сүйенсек, дүйсенбідегі сауда-саттық көлемі 97,1 млн долларды құрады. Жұмадағы сауда-саттық 140,3 млн долларды құраған болатын.
Сауда-саттыққа 20 банк қатысты.
Ресми бағамды белгілеу тәртібіне сәйкес, 13-қарашада теңгенің долларға шаққандағы бағамы: 1$ үшін 150 теңге 86 тиын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін