KASE күндізгі сессиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясы

KASE күндізгі сессиясы

Қазақстан қор биржасында (KASE) шет ел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Сауда-саттыққа 24 банк қатысты, деп хабарлады  қор биржасы.

  • 16 Қараша 2015
  • 405
Фото - Caravan.kz

Спот-нарығындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша: есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 307,75 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 89,700 мың АҚШ доллары; есептесуі Т+1 АҚШ долларымен (USDKZT_TOM) мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер бір АҚШ долларына 306,69 / 308,40 теңгені құрады.

 Т+2 АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ; есептесуі еуро бойынша Т+0, T+1 және T+2 АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ; есептесуі Т+0 теңгемен (RUBKZT_TOD) Ресей рублінің орташа сараланған бағамы бір рубльге 4,6398 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 25 700 мың рубль.

Таңертеңгілік және күндізгі сессия қорытындысы бойынша АҚ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 308,02 теңгені (+0,21), құрады, сауда-саттықтың қосынды көлемі — 162 200 мың USD (+41 700 мың).


Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған бағасы +0,2200 теңгені (жылдық 25,89 % ) құрады, сауда-саттық 648 400 мың USD; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002  бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.