USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 27 мүшесі, своп-нарықта — 6 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 145,74 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 219 900 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі — 1 доллар үшін 145,73/146,74 теңге болды.
Еуро спот-нарықта:
— Т+0 есептерімен еуромен теңге бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
— Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы бір еуро үшін 1,4355 АҚШ долларын, сауда көлемі 4 000 АҚШ долларын құрады.
— Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 5,2245 теңгені, сауда көлемі 11 000 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында:
— USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 25 000 мың АҚШ долларын құрады.
— USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 50 000 мың АҚШ долларын құрады.
— EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
— EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.