еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_002, EURKZT_0_001) күндізгі сауда сессиясы өтті.
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды.
Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп-нарықта — 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 145,48 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 153 550 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі — 1 доллар үшін 145,46/146,48 теңге болды.
Еуро спот-нарықта:
— Т+0 есептерімен еуромен теңге бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
— Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
— Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 5,2500 теңгені, сауда көлемі 1 200 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында:
— USDKZT_0_001 бойынша мәміле жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
— USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 50 000 мың АҚШ долларын құрады.
— EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
— EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.