KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 353,99 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 353,99 теңге

KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 353,99 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бұл туралы биржаның сайтында жария етілді.

  • 3 Тамыз 2016
  • 205
Фото - Caravan.kz

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 26 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 353,99 теңгені (+0,29 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 113 800 мың АҚШ долларын (+54 900 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 53,3873 теңгені (+0,2673 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі — 1 100 мың (+800 мың) юань болды.


Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Соңғы жаңалықтар