KASE таңертеңгілік сессиясы
![]() |
Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, |
есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 284,28 (+1,58 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 90 500 мың АҚШ долларын (-44 000 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша. мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы бір юаньға 44,9220 теңгені (+0,4620 теңге) құрады, ал сауда-саттық көлемі - 500 мың юаньді (+400 мың юань) құрады.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін