Жарияланды: 360

KASE таңертеңгілік сессиясы

KASE таңертеңгілік сессиясы

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+1 теңгемен (USDKZT_TOМ) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен

(EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+1 АҚШ долларымен (EURUSD_TOМ) еуро бойынша және есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Бүгін АҚШ-та мереке күні болғандықтан (ардагерлер күні) есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша және есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. (USDKZT_TOD) USDKZT_TOM және EURUSD_TOM үшін аталмыш сессия 2015 жылдың 11 қарашасында осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 16 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+1 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 306,85 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 13 400 мың АҚШ долларын құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.

Есептесуі Т+1 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде сұраным бір юаньға 48,0500 теңгені құрады, ал ұсыным - бір юаньға 48,0600 теңгені құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін