Жарияланды: 420

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен

(EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. 

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 277,51 (-0,70 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 139 100 мың АҚШ долларын (+67 100 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы бір юаньға 43,4900 (-0,1744) теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 200 мың юаньді (-600 мың юань) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін