Жарияланды: 300

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша,

есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 279,18 (-0,03 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 30 050 мың АҚШ долларын (- 440 450 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша орташа сараланған еуро бағамы бір еуро үшін 307,00 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 200 мың еуро. 
Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша сұраныс бір юаньға 44,1900 теңгені, ұсыныс 44,2200 теңгені құрады.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін