Жарияланды: 350

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 218,61 теңгені құрады

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 218,61 теңгені құрады

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOM),

есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша (EURKZT_TOM) және доллар бойынша, есептесуі Т+0 қытай юаны бойынша (CNYKZT_TOD) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Бүгін сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 18 мүшесі қатысты, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметінен.

T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 218,61 теңгені (-33,86), сауда-саттық көлемі -  75 мың АҚШ долларын (+25 400 USD) құрады.
Еуро бойынша Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Қытай юаны бойынша Т+0 теңгемен мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраныс 1 юань үшін 33,6800 теңгені құрады, ұсыныс - 1 юань үшін 33,7000 теңге.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін