Жарияланды: 330

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 243,99 теңгені құрады

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 243,99 теңгені құрады

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша,

есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасынан.

Орташа сараланған АҚШ доллары бойынша T+0 теңгемен бағамы бір долларға 243,99 теңгені (+13,88 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 57 100 (-87 700 мың USD) мың АҚШ долларын құрады.
АҚШ долларымен еуро бойынша Т+0 теңгемен мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ.
Қытай юані бойынша T+0 теңгемен орташа сараланған бағамы бір юаньға 37,7900 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 200 мың юаньді құрады.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін