Кәсіпкер күннен қуат алатын батарея орнатып, шаруасын жандандыра түсті - Қызылорда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкер күннен қуат алатын батарея орнатып, шаруасын жандандыра түсті - Қызылорда

Кәсіпкер күннен қуат алатын батарея орнатып, шаруасын жандандыра түсті - Қызылорда

Қызылорда облысында кәсіпкер мемлекеттен алған грант есебінен ауылда күннен қуат алатын батареялардан шағын электр стансасын орнатып, мал шаруашылығына жағдай жасап отыр, деп хабарлайды Жаңақорған аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

  • 1 Сәуiр 2015
  • 409
Фото - Caravan.kz

«Күннен қуат алатын батареяларды пайдаланып, шаруа қожалығындағы жағдайды жақсарту туралы идеямды «Даму» қорына бастан-аяқ баяндап бердім. Нәтижесінде «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3,5 млн теңгеге қайтарымсыз грантқа ие болдым. Грант қаражатына Тоқтамыс ауылындағы мал жайылымы учаскесінде қуаты алты киловатты құрайтын күн батареяларын орнаттық, қазір өзіміз бен көршілерімізді жарықпен қамтамасыз етіп отырмыз, аграрлық бизнесіміз де өрге басты», — дейді Жалбызбай Итаяқов.


Итаяқовтар отбасы мал шаруашылығымен ұзақ жылдар бойы айналысып келеді.