Кәсіпкерлер Алматы әкіміне мұңын шақты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерлер Алматы әкіміне мұңын шақты

Кәсіпкерлер Алматы әкіміне мұңын шақты

Сансыз тексеруден кәсіпкерлер де мезі болған. Мораториймен жарты жылдай болса да жаны тынышталған Алматының шағын және орта бизнес өкілдері енді Салық кодексіне өзгерту енгізуді сұрап отыр. Бүгін қала әкімімен кездескен кәсіпкерлер өз саласының қиындығы мен дамуға кедергі келтіретін факторларды тізіп берді.

  • 4 Маусым 2014
  • 287
Фото - Caravan.kz

Салық кодексінде шығын мен өндірістік ақаулардың есептелмеуі бизнесмендерді көлеңкелі экономиканың үлесін арттыруына итермелейтін көрінеді. Ал азық-түлік өнеркәсібінде салыққа қатысты жеңілдіктер өндірушілермен қатар өнімді таратушыларға да беруілуі керек дейді кәсіпкерлер. Сонымен қатар, POS-терминалдар қою міндеттелгенімен, банктер оны қажетті көлемде жеткізіп бере алмай отыр. Оның үстіне отандық қаржы ұйымдары әр транзакция үшін шетелдегімен салыстырғанда төрт есе көп ақша ұстап қалады екен.


Виктор Ямбаев, Алматы қалалық кәсіпкерлер қауымдастығының президенті:

Шағын бизнесте кәсіпкерлер түрлі тексерістермен жалғыз күресуде. Бір жыл ішінде мемлекеттік 56 мекеме оның жұмысын тексеруге құқылы. Тағы да әркім өз есебін өзі тапсырсын, бұл жеңіл болады деген. Бірақ іс жүзінде нағыз қағазбастылық осы жерде.