Кәсіпкерлер жанармай бағасын негізсіз көтерген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерлер жанармай бағасын негізсіз көтерген

Кәсіпкерлер жанармай бағасын негізсіз көтерген

Елімізде жанар-май бағасы тұрақтай алмай тұр. Қайта керісінше күн өткен сайын бензин мәселесі күрделеніп, баға өсіп барады. Тіпті соңғы уақыттары жанар май құю бекеттерінің өкілдері жиі-жиі бас қосып мемлекетке қарсы уәждерін де тура айтуда. Олардың айтуынша, бағаның шарықтауына, мемлекеттің бақылауынан тысқары қалған көтерме сатумен айналысатын тасымалдаушылар көрінеді.  

  • 26 Шiлде 2011
  • 415
Фото - Caravan.kz

Денис Трандофилов, Жанар май құю бекеттері желісі маркетинг және сату бөлімінің директоры:

-Бұл жердегі есеп қарапайым. Дизель отынының көтерме бағасын тасымалдаушылар тамыз айынан бастап 100 теңгеден береміз деп отыр. Ал шекті бағасы 87 теңгеден аспауы керек. Сонда бұл жерде табыс табу туралы сөз айтудың өзі артық. Мемлекет көтерме сатумен айналысатындарға бақылау жасасын. Біздің айтарымыз сол.

Дәл осыған ұқсас жиын өткен аптада Алматы қаласында болды. Сол кезде де жанар май құю бекетінің басшылары көтерме сатумен айналысатындардың әбден бетімен кеткенін айтқан болатын. Егер Үкімет тарапынан жақын арада қандай да бір шара қолданылмаса онда қымбат бензин тұрмақ жұмыс істеп тұрған май құю бекеттерін табудың өзі қиынға соғады. Сол себепті көтерме сатумен айналысатындарға да шекті бағасын қойып, бір ретке келтіру керек дейді май құю бекеттерінің басшылары. Қазір ең өтімді АИ-92 бензині 113 теңгеге дейін барды. Ал АИ-80 бензині мен дизель отыны тек таллон арқылы ғана сатылуда. Яғни жанар май тапшылығы қазірдің өзінде байқалуда. Бағаға бақылаушы мемлекеттік құрылым Бәсекелестікті қорғау агенттігі болса, көтерме сатуда ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ, қайта керісінше май құю бекеттерін тексеруді қолға алдық дейді. Өйткені олардың кейбірі үстеме бағаны тіптен жоғарылатып жіберген.


Еркеғали Әлімқұлов, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары:

-Мынау «Аурика» компаниясын алатын болсақ астана қаласындағы бұл АИ-92 бензинін 86 теңгеге сатып алады литрін және осы бензинді 113 теңгеге сатады. Бұл жерде бір литрге 27 теңге қосып сатады. Біздің негізімізде 1 литрге 27 теңге қосып сату өте үлкен баға.

Соңғы жаңалықтар