Жарияланды: 420

Кәсіпкерлерден заңсыз ақша жинап отырған Астананың фитосанитарлық бекетінің бақылаушылары қамауға алынды

Қазақстанның бас көліктік прокуратурасы "Астана теміржол станциясы" фитосанитарлық бақылау бекетінің төрт бақылаушысына пара алды деген айып тағу жөніндегі істің тергеуін аяқтап, істі сотқа жіберді.

Тергеу олардың пара алғандығы туралы 39 фактіні дәлелдеді, деп атап өтілген бейсенбіде бас көліктік прокуратурасының баспасөз қызметінен таралған хабарламада. Бұл ведомствоның ақпаратына қарағанда, төртеуі де өздері құрған қосымша "жоспарлы" ақша жинау жүйесіне қатысып келген. "Әр көлік үшін, жүк көлігі болсын, вагон болсын, такса белгілеген, сыртқа шығып қарамастан, бір мың теңге үшін құжаттарды кедергіссіз беріп отырған". Баспасөз қызметінен атап өткендей, әрқайсысы жеті- он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал және мүлкі конфискіленеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін