Кәсіпкерлерге 17 млн теңгеге дейін несие алуға болады – Ұлттық экономика министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерлерге 17 млн теңгеге дейін несие алуға болады – Ұлттық экономика министрі

Кәсіпкерлерге 17 млн теңгеге дейін несие алуға болады – Ұлттық экономика министрі

Мәжілістегі Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаппай кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру үшін микрокредиттеу кө

  • 27 Наурыз 2017
  • 458
Фото - Caravan.kz

Мәжілістегі Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаппай кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру үшін микрокредиттеу көлемі кеңейтілгенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы ауылда, сол сияқты қалаларда кәсіпкерлік әлеуетті дамыту, жеке ісін ашу және жүргізу үшін жағдай жасайды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру үшін микрокредиттеу көлемі кеңейтілді. Әлеуетті кәсіпкерлердің кепілді қамтамасыз етуінің жеткіліксіздігі кезінде мемлекет тарапынан кепілдік беру мүмкіндігі ұсынылады. Бұл шаралар ауылдағы қаржыландырудың жетіспеушілігімен және кепілді қамтамасыз етудің жеткіліксіздігімен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған», — дейді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, микрокредиттер түпкілікті сыйақы мөлшерлемесін 6%-дан асырмай 17 млн теңгеге дейін беріледі екен.


«Бағдарлама шеңберінде микрокредиттер түпкілікті сыйақы мөлшерлемесін 6%-дан асырмай 8 мың АЕК-ке (17 млн теңге) дейін беріледі. Кредит беру нарығында микрокредиттердің құны 22%-дан 35%-ға дейін құрайтынын ескеретін болсақ, бағдарлама аясында микрокредиттер бизнес жобаны іске асыру үшін анағұрлым пайдалы ұсыныс болады. Қалаларда микрокредиттер «Даму» КДҚ» АҚ, ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда – «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы берілетін болады. Бұл ретте, көрсетілген ұйымдар коммерциялық мақсаттарды көздемейді. Олар операциялық шығындар өтемін және тәуекел үшін 1-2%-дан аспайтын сыйақы алады», — дейді министр.

Соңғы жаңалықтар