Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, кеме бортында экипаждың 4 адамы болған. Кеме «Agip КCО» компаниясына қарасты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына «Agip KCO» компаниясының 3 кемесі мен 2 тікұшағы жұмылдырылған.
Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 19 қыркүйектегі 20 сағаттағы жағдаймен іздестіру жұмыстары нәтиже берген жоқ, бұл шаралар бүгін таңертеңгі сағат 9-да қайта басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті