Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы 15-16-сәуірде Тегеранда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы 15-16-сәуірде Тегеранда өтеді

Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы 15-16-сәуірде Тегеранда өтеді

Баку. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі негіздемелік конвенцияның жобасын жасау жөніндегі арнаулы жұмыс тобының сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі кезекті отырысы 15-16-сәуірде Тегеранда өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Әзербайжан СІМ-не сілтеме жасап.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 402
Фото - Caravan.kz

«Әзербайжан делегациясын бұл кездесуде Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов басқарады. Отырыс екі күнге созылады. Кездесу кезінде тараптар Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі конвенцияның келісілмеген тұстар бойынша пікір алмасады», — деп хабарлайды СІМ.

Сонымен бірге осы жүздесу аясында Каспий теңізінің мәртебесі бойынша екі жақты әзербайжан-иран және әзербайжан-түрікмен келіссөздері жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті