ҰҚК Шекара қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, шекарашылар Баутино портынан он миль қашықтықта үш адам мінгескен браконьерлік кемені аңғарған.
"Олар шекарашылардың тоқтау туралы бұйрығын құлаққа ілмей, РФ акваториясына кіріп кетпек болған. Шекарашылар браконьерлерді тоқтату мақсатында аспанға, содан соң қайықтың қозғалтқышына оқ атқан.
Салдарынан жүзу құралы істен шығып, заң бұзушылардың бірі жарақат алды. Ол РФ азаматы, Дағыстан тұрғыны болып шықты", — делінген хабарламада.
Жарақат алған азамат Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы бір қалыпты.
Қайықтан 12 қап ау, жанар-жағармай құйылған төрт бөшке мен үш ұялы телефон табылды.