Жарияланды: 560

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнайы жұмыс тобының 12-отырысы 20-желтоқсанда Тегеранда өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнайы жұмыс тобының сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі 12-отырысы 20-желтоқсанда Тегеранда өтеді. Бұл туралы бүгін, 26-қарашада Алматыда басталған Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс топтарының отырысы барысында ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов KZ-today тілшісіне берген сұхбатында

хабарлады. Қ.Әбусеитовтың айтуынша, қазір құжатта атап айтсақ, аумақтық ұлттық юрисдикция , "аумақтық сулар" ұғымы тәрізді кейбір мәселелер бойынша концепциялық айырмашылықтар бар. Бұған дейінгі кездесулерде Қазақстан тарапынан Каспий мәселесі бойынша келіссөздер барысында қолданылатын ұғымдарға түсініктеме беру туралы ұсыныс енгізілген. Осыған байланысты Қ.Әбусеитовтың айтуынша, "қандайбір терминді қолданғанда бір делегация оған өзіндік мән-мазмұн берсе, екінші бір делегация оған басқаша қырынан қарайды. Соның нәтижесінде біртұтас мәтін дайындалғанымен әркім өз пікірінде қалып отыр". "Қазір осындай жұмыстар тындырылды",- деді Қ.Әбусеитов. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнайы жұмыс тобының 11-отырысы 2003-жылдың 8-қыркүйегінде Ашхабадта өткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін