Жарияланды: 440

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы Ашгабадта өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті 11-отырысы қыркүйектің 8-9-жұлдызында Ашгабадта өтеді.

Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының оныншы отырысы 22-24-шілдеде Мәскеуде өткені белгілі. Оған Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан республикаларының сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары қатысқан. Еліміз өкілдерін ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Әбусеитов басқарды. Тараптар бұл отырыста Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасының өзара біріктірілген тәртіптерін өзара меймандос, конструктивті ахуалда кең көлемді талқылауларды одан әрі жалғастырды. Талқылау барысында белгілі дәрежеде ілгерілеушіліктер байқалып, Конвенцияның бірқатар баптары мен тәртіптері бойынша өзара пікір-көзқарас жақындығы орнаған. Тұтастай алғанда, өкілдер Мәскеу кездесуінің қорытындысын жоғары бағалап, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі төңірегінде ортақ мәмілеге келу мақсатымен өзара мүдделі пікір алмасуларды одан әрі жалғастыруға тараптар табанды ниет білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть