Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті кездесуі 22-23-қарашада Астанада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті кездесуі 22-23-қарашада Астанада өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті кездесуі 22-23-қарашада Астанада өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаушы арнаулы жұмыс тобының министр орынбасарлары деңгейіндегі кезекті кездесуі 22-23-қарашада Астанада өтеді. Бұл туралы бүгін, 21-қарашада журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қараша 2005
  • 368
Фото - Caravan.kz

Е.Ашықбаевтың айтуынша, сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі отырысты ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев ашады.

Ал 25-қарашада Мәскеуде Өзбекстанның ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке өту мәселесіне арналған жұмыс тобының отырысы өтеді.
Сонымен бірге СІМ өкілінің хабарлауынша, 26-қарашада Мәскеуде Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті отырысы, 25-26-қарашада Алматыда Халықаралық су-энергетикалық, көлік және азық-түлік консорциумдарын құру жөніндегі келісімдердің жобасын жасап келісуді жауаптанған мекемеаралық жұмыс тобының отырысы өтеді.