Жарияланды: 780

Каспий теңізінің табанын бөлісу мәселесі бойынша ҚР және Иран СІМ өкілдерінің екі жақты кездесуі Алматыда өтеді

Каспий теңізінің табанын бөлісу мәселесі бойынша ҚР және Иран СІМ өкілдерінің екі жақты кездесуі 2004-жылдың басында Алматыда өтеді. Бұл туралы бүгін, 26-қарашада Алматыда басталған Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс топтарының отырысы барысында ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов KZ-today тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

Қ.Әбусеитовтың айтуынша, "Иран жағымен екі жақты кездесу барысында концепцияға қатысты өзара пікір алмасылып, екі жақты қарым-қатынас мәселесі талқыланады". Қ.Әбусеитовтың мәліметіне сәйкес, қазір Иран "орта сызық туралы концепцияны қабылдады. Каспий ойынына қатысушы барлық тараптар орта сызық жөніндегі осы концепцияны негіз етіп алған". "Соған қарамастан Иранда оны айқындаудың 20-ға жуық әдістемесі бар. Солардың арасынан Ирандықтар өздерінің үлесіне 20 проценті тиетін әдістемені таңдап отыр",- деді Қ.Әбусеитов. СІМ-нің бірінші орынбасарының айтуынша, "қазір Иран мен Әзербайжан , Иран мен Түрікменстан арасындағы келіссөздер белсенді жүргізілуде. Бұл келіссөздердің нәтижесі баршамыздың ортақ пәтуаға келуімізге басты арқауға айналу мүмкіндігі бар ". Бұдан бұрын да хабрлағанымыздай, Әзербайжан, Қазақтан және Ресей елдері еркін кеме қозғалысын қамтамасыз ете отырып Каспий теңізінің түбін орта сызық бойынша бөлісуге келіскен болатын. Ал Иран мен Түрікменстан әр мемлекетке 20 проценттен беру принципі бойынша теңіздің түбін тең бөлісуді ұсынып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін