Каспийде тағы балық қырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийде тағы балық қырылып жатыр

Каспийде тағы балық қырылып жатыр

Маңғыстауда күннің қатты ысып кетуі салдарынан теңіздегі балық қырылып жатыр. Соңғы күндері жүздеген омыртқалы жағаға шығып қалған.

  • 27 Тамыз 2014
  • 422
Фото - Caravan.kz

Куәгерлердің айтуынша өліп қалған балықты толқын жағаға итеріп тастаған. Оның үстіне бұл ең жас түрлері. Өлі балықтар Ақтау қаласы маңынан және облыстық  теңізге жақын басқа аймақтарынан да табылған. Бірақ мамандар облыс орталығында суды зерттеп көріп, ешқандай өзгерісті байқамаған. Алдағы күндерде Каспийдің солтүстік жағындағы суға жасалған сараптама қорытындысы дайын болады. Зерттеушілер балықтың көптеп қырылуына теңіздің жылып кетуі себеп дейді. Бір аптаның ішінде оның қызуы 30 градусқа жеткен. Енді балықтар зертеу үшін Алматыға жөнелтілді.

Омар Сүтбаев, Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуроры:

–  Біздің өкілетті органдардың алдын- ала берген мәліметтері бойынша, балықтардың қырылуына неше күннен бері облыста күннің ыстық болуы себеп болған. Ол алдын ала жасалған тұжырым. Қазіргі таңда өкілетті органдар тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.