Мынау келе жатқан «Сақшы» кемесі. Айлаққа байлана салысымен, шекарашы-теңізшілер жұмыс киімін салтанатты формаға ауыстырып алды. Сөйтіп, сап түзеген сарбаздар сайлау учаскесіне саптық ән шырқай барды.
Сарбаздар мен командирлер жылдам кезекке тұрып, өз таңдауларын жасады. Соның ішінде 18 жастағы Наурызбай Әбдібеков те бар. Аға матрос алғаш рет дауыс берді.
Наурызбай Әбдібеков, 2201 «А» әскери бөлімінің аға матросы:
-Мен шекарада қызмет еткеніме қуаныштымын. Себебі ел тыныштығын күзету жігіттік парызым. Мен еліміздің тыныштығы үшін, шекарамыздың беріктігі үшін дауыс бердім.
Маңғыстау облысы 5 елмен шектесіп жатыр. Теңіз арқылы Ресей, Әзірбайжан, Иран, ал құрлықта Өзбекстан, Түрікменстанмен шектеседі. Шалғай заставадағы әскерилердің даусын жинау үшін тікұшақ жұмыс істеді. Ал Құлалы түбегіндегі теңізшілерге арнайы кеме жіберген.
-Еліміздің Каспийдегі теңіз қақпасын күзетіп жүрген 6 кеме бар. Онда 150-ге тарта офицер мен матрос қызмет етеді. Мына екі кемедегі 40-қа тарта әскерилер дауыс беріп болған соң, қайтадан ел іргесін күзетуге аттанып барады. Бұлар қызметіне қайта кіріскен соң, қалған төрт кеменің теңізшілері келіп дауыс береді.