Жарияланды: 500

Kaspi.kz шотындағы ақшаның неге көрінбей қалғаны белгілі болды

Kaspi.kz шотындағы ақшаның неге көрінбей қалғаны белгілі болды

Тұрғындар есепшоттарындағы ақшалары жоғалып жатқанын хабарлады. Нақты қандай сома қалғанын тексеру мүмкін емес.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Kaspi банкте техникалық ақау болды. Кейбір тұрғындар есепшоттағы ақшаларынан айырылғанын айтып шағымданды.

Көптеген қолданушылардың шотында қанша ақша бар екені көрінбей тұр.

"Картамен төлеу, банкоматтан ақша алу, картаға салу және Kaspi.kz арқылы төлемдер мен аударымдар жасау уақытша мүмкін емес. Біз ақауды жою жұмысын жүргізіп жатырмыз. Болған жағдай үшін кешірім сұраймыз", - деп жазылған банктің Facebook парақшасында.

Ал желіде банкке кибер шабуыл жасалды деген ақпарат тарап жатыр. Есепшоттардан миллиондаған қаражат жойылғаны айтылған.

"Желідегі кибер шабуыл туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Клиенттердің ақшасы орнында, ақау жойылған соң шоттағы сома көрсетілетін болады", - делінген банк ақпаратында.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін