Жарияланды: 30

Катар Алматыға инвестиция салу мүмкіндігін зерттеуде

Катар Алматыға инвестиция салу мүмкіндігін зерттеуде

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Катар бизнесмендері Ассоциациясының төрағасы, «Фейсал Холдинг» компаниясының басқарма басшысы Шейх Фейсал Бен Касим Аль-Танимен кездесті.

Бұл туралы Вaq.kz хабарлайды. 

Тараптар мейманхана бизнесі саласындағы екіжақты инвестициялық байланысты дамыту, туризм, құрылыс және басқа да мәселелерді талқылады. «Al Faisal Holding» - Катардың ірі жеке холдингі, ел экономикасын дамытуда басты рөл атқарады және Таяу Шығыстағы жетекші коммерциялық құрылым болып табылады.

Катар делегациясы Алматының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен, туризм саласына, инфрақұрылымды дамытуға қатысты жобалармен, Алатау ауданындағы индустриалды аймақ пен арнайы экономикалық аймақтың әлеуеттерімен танысты.

«Алматы жедел дамып келе жатқан мегаполис. Мұнда инвестиция үшін мүмкіндіктер үлкен. Қала тау етегіне орналасқан, ғажап климат, ерекше мәдениет. Сондықтан біз үшін туризм мен жылжымайтын мүлік саласы қызығушылық туғызады. Алматыдан соң біз әріптестерімізбен бірге Астанаға барамыз, сапар қорытындысынан соң нақтылы келісімдерге қол жеткіземіз деген сенімдеміз», - деп атап өтті Шейх Фейсал Бен Касим Аль-Тани.

Оқи отырыңыз:

Астананың әр ардагері медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі 

Астананың әр ардагері медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі
 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін