-Катар Гранприі МотоGP-дің биылғы маусымындағы алғашқы кезең. Ол үздік мотошабандоздарды анықтап, 2014 жылғы бәйгенің көркін келтірмек. Лосайл стадионында өтетін катарлық кезең маңызды шаралардың бірі. Ол түнгі уақытта болатындықтан көрермендер саны өзге жарыстарға қарағанда 8-10 есе аз болады.
MotoGP-дің 66-шы біріншілігі бірқатар ереженің өзгергеніне байланысты тартысқа толы болмақ. Биыл командаларға қатты шина мен жанармайға шектеу қойылғандықтан ешқайсында техникалық басымдығы жоқ. Енді олар өз шеберлігінің арқасында ғана жетістікке жете алады.
Жарыстағы басты жаңалықтарының бірі Қазақстанның аты алғаш рет чемпионатта аталды. Себебі Еуразиялық банк Yamaha Movistar MotoGP командасы мен әлемнің төрт дүркін чемпионы Хорхе Лоренсоның демеушісі ретінде таныстырылды.
Майкл Эгглтон, Еуразиялық банктің басқарма төрағасы:
-Қазақстандықтар «Дакар» мен мотоспортты жақсы көреді. Ал біздің банктің демеушілік көрсетуі оның жаңа деңгейге көтерілгенінің белгісі. Бұған дейін Жерар Депардьемен сәтті акция жасалған. Біз енді мүлдем басқа жаққа бет бұрдық.
Еуразиялық банктің логотипі Ямаханың барлық байктары мен команда пилоттары Валентино Росси мен Хорхе Лоренсоның формасында бейнеленген. Ал банк өз кезегінде осыған байланыстырып жаңа өнімді нарыққа шығармақ. Бұл «Турбо депозиттер» мен толыққанды «cashback» функциясы бар карточкалар. Жұмсалған қаржының белгілі пайызы мен депозиттің сыйақы көлемі Хорхе Лоренцо кезеңнің жеңімпазы болса еселенетін болады. Сондай-ақ қазақстандық бизнесмендер алдағы жылдары жарыстың бір кезеңін елімізде өткізуге ниет білдіруде. Ол үшін құны 100 млн долларды құрайтын стадион салынуда. Бұл жаңалықты естіген Лоренсо бірінші болып трекке баға беруге дайын екенін жеткізді.
Хорке Лоренцо, Yamaha Mоvistar MotoGP командасының пилоты:
-Осындай мүмкіндік туса мен қуана-қуана бірінші болып трекке баға беруге дайынмын. Оның құрылысын жүргізіп жатқан адамдар мен үлкен спортты дамытуға жағдай жасап жатқандардың еңбегін нәтижесін көргім келеді.
Бірінші жарыста бесінші орыннан қозғалған Yamaha-ның испандық пилоты көш бастаған. Алайда бұрылыстрдың бірінде Хорхенің доңғалағы сырғанап, тректен шет қалды.
Осыдан соң кім мықтыны анықтауға Лоренсоның командаласы Росси мен Honda-ның шабандоздары кірісті. Бір-бірін алма кезек артта қалдырғандар мәре сызығына дейін беріскен жоқ. Сонымен жарысты Hondaөкілі Марк Маркес бірінші, Yamaha-ның пилоты Валентино Росси екінші орынмен аяқтады. Үздік үштік қатарында Маркестің әріптесі Дани Педроса.
-Шамдар астында өткен үлкен мотоспорттың алғашқы кезеңі осындай нәтижемен аяқталды. Көш бастаған мотошабандоздар мен тізімнің соңында қалып қойғандары анықталып отыр. Енді олар өнер көрсететін команда менеджерлері орын алған олқылықтардың көзін жойып, ұтылған әрбір ұпайдың орнын толтыруы тиіс. Ол үшін 8 ай уақыт пен жарыстың 17 кезеңі бар.