"Қатарынан екінші жыл": Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қатарынан екінші жыл": Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты

"Қатарынан екінші жыл": Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты

Қырғызстан астанасы Бішкекте  өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақта финалға шықты.

  • 11 Сәуiр
  • 54
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ризабек жартылай финалда үндістандық балуанды 13:0 есебімен жеңді.  Осылайша, Ризабек қатарынан екінші рет құрлық додасының финалына жолдама алып отыр.

Финалда Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақтағы әлем чемпионы Ахмед Тажудиновпен белдседі. 

Екі балуан Түркиядағы халықаралық турнирде кездесіп, Тажудинов жеңіске жеткен болатын. 

57 келідегі Мейрамбек Қартбай жартылай финалда жапон балуанына есе жіберіп, қола медальға күресу мүмкіндігін алды.

Еске сала кетейік, өткен жылы Астанада өткен Азия чемпионатында РизабекАйтмұхан күміс жүлдегер атанған еді.

Соңғы жаңалықтар