М.Айтмағамбетовтың айтуынша, бағдарламаның басты мақсаты — азаматтық қоғам ұйымдарының азаматтар арасында «сайлауға қатысудың маңызы, бейресми ұйымдарды сайлау процессіне жұмылдыру арқылы Қазақстанда сайлаудың әділетті әрі ашық өткізілуін, жалпы сайлаудың жариялылығын қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы» ақпарат тарату бағытындағы бастамаларына қолдау көрсетуге саяды.
Гранттар еліміздегі бейресми ұйымдар мен үкіметтік емес БАҚ-тар арасында таратылады. «Сайлауға қатысты бастамаларды қолдау бағдарламасы мемлекеттік БАҚ-тар, саяси партиялар мен діни бірлестіктер арасында жүзеге асырлмайды»,- деді М.Айтмағамбетов.
Бұл бағдарлама азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі «АРГО» қауымдастығы арқылы жүзеге асырылады.