"Қазақ қараған жоқ": Қара нәсілді азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы шындығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақ қараған жоқ": Қара нәсілді азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы шындығын айтты

"Қазақ қараған жоқ": Қара нәсілді азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы шындығын айтты

Африкалық жігітке тұрмысқа шыққан атыраулық қазақ қызы жарымен көшеде жүргенде көп қысым көргенін айтты.

  • 10 Сәуiр
  • 186
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Qazaq Airan You Tube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Күйеуге шығатынымды естіген кезде анам жұрт не дейді деді. Мен жұртқа тұрмысқа шығайын деп жатқан жоқпын. Менің өзімнің өмірім, өзімнің бақытым. Сондықтан өзім шешемін дедім. Анам келісті. Маған үйленуге ұсыныс жасағаннан кейін, әкем туыстарымызды жинап, қызым Африкаға кетейін деп жатыр, бірақ біз ештеңе демейміз. Бақытын сол жақтан тапты, осымен тақырып жабылды деді. Содан кейін туыстардың арасынан ешкім ештеңе деген жоқ. Бірақ, бастапқыда көшеде айқайлап кететіндер, боқауыз сөз айтатындар, шошқа, қазақ қараған жоқ, саптама етіктің астына алу керек, өлтіру керек, аттың құйрығына байлап сүйреу керек, баласын құдыққа тастау керек дегендер көп болды. Біреулер көпке дейін біз жиналып жатырмыз, барамыз, айырып кетеміз деп жазып жүрді. Осындай дүниелерді көбіне ер адамдар жазды. Әйелдер алқаш болса да қазақ болсын, таяқ жесем, өз қазағымнан таяқ жейін, қазақ табылмады ма деп жазатын», — дейді Зайда Онуоро.

Қара нәсілді азаматқа тұрмысқа шыққан тағы бір қазақ қызы да өз оқиғасымен бөлісті.

«Неше түрлі сөздер жазады. Шетелдің азаматына тигеннен кейін Қазақстаннан кетпейсің бе, еліңді саттың дейді. Анам жақтағылар қарсы болған жоқ. Салт-дәстүрді қатты ұстанатын болғандықтан әкем жақ қарсы болды. Кейін көргеннен кейін қабылдады», — дейді шымкенттік Жарқынай Мұратәлі.

Желі қолданушылары шетел азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қыздарын елге кіргізбеуді ұсынуда.

«Шетелге тұрмысқа шыққан екен, енді неге күйеулерімен елде жүр?», «Шетел азаматына тұрмысқа шыққан қыздарды бақыт тілеп шығарып салып, қайта кіргізбеу керек», «Қыз бұзылса, ұлт бұзылады. Өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан айырып, елге жолатпау керек», — деп жазды олар.