Қазақ қызы тұңғыш рет Эверестті бағындырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ қызы тұңғыш рет Эверестті бағындырмақ

Қазақ қызы тұңғыш рет Эверестті бағындырмақ

Қазақстандық  альпинистер командасы Kazakh Everest Team спорттық-патриоттық экспедициясы аясында Эверест шыңына шығуды жоспарлап отыр.

  • 22 Сәуiр
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл экспедиция құрамында аталған шыңды бағындыратын алғашқы қазақ қызы болуды жоспарлаған Анар Бурашева де бар, деп жазады Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экспедицияны әлемге танымал альпинист Мақсұт Жұмаев басқарады. Ол өз мансабында сегіз мың метрлік 14 шыңды бағындырған. Оның тобы жеті адамнан құралған. Ішіндегі жалғыз әйел адам – Анар Бурашева.

Қазіргі таңда команда соңғы дайындық кезеңін өткеруде. Жақында альпинистер климатқа бейімделу мақсатында Гималайдағы алты мың метрлік шыңдардың бірін бағындырған. Енді олар биіктігі жөнінен үшінші лагерьге көтеріліп, кейін Эверестке жол тартпақ. 

«Жоба аясында біз алты мың метрлік Айленд-Пик шыңына шықтық. Бұл Эвересттің маңында. Денеміз жоғары гипоксия жағдайына үйренісіп, климатқа бейімделу үшін осы қадамға бардық. Қазіргі таңда Эвересттің базалық лагеріндеміз. Түрлі дайындық кезеңдерінен өтіп жатырмыз. Атап айтар болсам, Кумбу мұздығында дайындалудамыз. Климатқа бейімделудің соңғы кезеңінен өту үшін үшінші биіктік лагері құрылғанын күтудеміз. Сол жерде түнеп, кейін демалу үшін төменге түсеміз.

Команданың көңіл-күйі керемет. Ұлттық Олимпиадалық комитетінің туы да біздің қасымызда болғаны қуантады. Геннадий Головкинді шын жүректен қолдаймыз. Құдай қаласа, барлық қазақстандықтар үшін осы шыңды бағындыратымызға сенемін. Анардың барлық қызға үлгі болғанын қалаймын. Осы сапарымыз арқылы еңбек жолында жүрген барлық спортшылар мен олимпиадашыларды қолдағымыз келеді», — деді Жұмаев. 

Соңғы жаңалықтар