Қазақстан тауық жұмыртқасын елге әкелуге алты айға тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан тауық жұмыртқасын елге әкелуге алты айға тыйым салды

Қазақстан тауық жұмыртқасын елге әкелуге алты айға тыйым салды

Бұл тыйым республика арқылы транзитке қатысты емес

  • 27 Сәуiр
  • 3
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі республикаға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы бұйрық жариялады.

Ол 2026 жылдың 21 қазанына дейін күшінде болады.

«Тауық жұмыртқасының Қазақстан арқылы транзитін, сондай-ақ оларды ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен ЕАЭО мүше екінші мемлекетке Қазақстан арқылы тасымалдауды қоспағанда үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен барлық көлік түрімен тауық жұмыртқасын Қазақстанға әкелуге алты айға тыйым салынсын», — делінген құжатта.

2025 жылдың желтоқсанында Қазақстан сәуір айында енгізілген тауық жұмыртқасын әкелуге салынған тыйымды тағы бір айға ұзартты.

Құжатта отандық өндірушілерді қолдау осы шаралардың себебі ретінде көрсетілген.