Қазақстанда 55 миллион теңге жалған банкнота тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 55 миллион теңге жалған банкнота тәркіленді

Қазақстанда 55 миллион теңге жалған банкнота тәркіленді

ҚМА өкілдері демалыс маусымы қарсаңында азаматтар валюта айырбастау кезінде, әсіресе шетелге шыққанда, қырағылық танытуы керегін айтады.

  • 18 Маусым
  • 4
Фото - Caravan.kz

Жалған шетел валютасын өткізетіндер көбейіп кеткен, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

«Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін және қылмыстық қудалау орбитасына ілінбеу мақсатында, жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да бейтаныс адамдарға ақша айырбастамаңыз және валютаны «делдалдардан» сатып алмаңыз.

Сауда-саттық жасау кезінде мұқият болуға және банкоматтан ақша алғанда, чектерін сақтауға кеңес береміз», — делінген хабарламада.

ҚМА қызметі қолма-қол ақша айналымымен байланысты азаматтар мен қаржылық мониторинг субъектілерін (ЕДБ, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.) жалған банкноттар табылған жағдайда дереу ҚМА-ның аумақтық департаменттеріне (байланыс телефондары төменде келтірілген) жүгінуге шақырды.

Жалған ақша жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізуге байланысты істерді тергеп-тексеру тек қана ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіннің және оның аумақтық департаменттерінің құзыретіне жатады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың басынан бері ел аумағында 13 жалған ақша жасау фактісі тіркелген (2023 жылы – 45 қылмыстық іс, 2022 жылы – 44 қылмыстық іс).

Тек 2023 жылы және 2024 жылдың басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 763 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 1 378 200 теңге сомасына 384 купюра, АҚШ долларында сомасы 120 050 АҚШ долларына 1 342 купюра, еурода сомасы 17 500 еуроға 35 купюра, ресей рублімен — 10 000 рубль сомасына 2 купюра анықталды.

Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы сомасы 55 млн теңгеден асады.